«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Онлайн кездесуде жобаның бағыты, мақсаты, міндеттері және іске асыру тетіктері таныстырылды. Ұлттық жобаның бірінші бағыты «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты. Бұл бағыт бойынша 38 іс-шара, 8 көрсеткіш көзделген. Екінші «Ел Рухы» бағыты – мәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру, 13 іс-шара мен 5 көрсеткішке жету жоспарланған. Үшінші «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты. Бұл – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тарту міндеттерін қамтиды.
Айта кетейік, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт және Білім және ғылым министрліктерімен жүзеге асырылады. Жобаның негізгі мақсаты – Ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт дәстүрді насихаттау арқылы- қоғамның мәдени денгейін, талғамын және рухын көтеру.