Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз мерекелеріне дайындық жұмыстары пысықталды

Наурыз мерекелеріне дайындық жұмыстары пысықталды

Наурыз – көктемнің лебін әкелетін ғана емес, халықтың бірлігі мен мәдени дәстүрлерін дәріптейтін ұлық мереке. Бұл айда ұйымдастырылатын мерекелер қоғамдағы татулық пен ынтымақты нығайтуға бағытталады. Әрбір шара – өткеннен сыр шертетін, болашаққа бағдар беретін құндылықтарды қамтиды.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында көркемдік кеңес кезекті отырысы өтті.
Отырыста алдағы мерекелерге дайындық жұмыстары тағы бір пысықталды. Биыл 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай қалыптасқан дәстүр аясында аудан көлемінде бірқатар ауқымды іс – шаралар өткізілмек. Ұйымдастырылатын шаралар да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі.
Былтырдан бері елімізде «Наурыз мейрамын атап өтудің тұжырымдамасы» қабылданған. Соған сәйкес Наурызнама онкүндігі 14-23 наурыз аралығында өтеді. Биыл да Наурызнама онкүдігінде әр күнге арнайы тақырыптар бекітілді. Осы бағытта аудан көлемінде 50-ге жуық шара өткізу жоспарланған. 14 наурыз – «Көрісу күні - Амал мерекесі» атап өтуден «Наурыз» мейрамын тойлау бастау алады. 15 наурыз – «Қайырымдылық күні», 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні», 17 наурыз – «Шаңырақ күні», 18 наурыз – «Ұлттық киім күні», 19 наурыз – «Жаңару күні», 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні», 21 наурыз – «Ынтымақ күні», 22 наурыз – «Жыл басы», 23 наурыз – «Тазару күні» наурызнаманың қорытынды күні жалпыұлттық экологиялық акция ұйымдастырылып, «Тазалық эстафетасы» басталады.

Кеңес қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар негізге алынып, аудан әкіміне ұсынылды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

05 наурыз 2025 ж. 42 0