Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көркемдік кеңестің алғашқы отырысы өтті

Көркемдік кеңестің алғашқы отырысы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық деңгейдегі ауқымды іс-шаралар қызметі жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін аудандық көркемдік кеңестің(идеологиялық кеңес) алғашқы отырысы өтті.

Кеңес құрамында мәдениет, қоғамдық даму, БАҚ, өнер және білім беру салаларының өкілдері, сондай-ақ, қала, кент және ауылдық округ әкімдері бар.
Жиында ең алдымен аудан әкімінің орынбасары, көркемдік кеңес жетекшісі Н. Бохаев сөз сөйлеп, бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталды.

Мұнан соң, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылардың қызметін үйлестіру бағытында құрылған кеңестің ережесі құрам мүшелері келісімімен бекітілді.
Отырыстың күн тәртібінде наурыз айында өткізілетін мәдени көпшілік іс – шаралардың дайындығы талқыланды.
Жиын барысында аудандық мәдениет үйінің директоры А. Молжігітов алдағы айтулы күндердің маңызы мен оларды өткізу шаралары бойынша баяндап өтті.

Кеңес мүшелері 1 наурыз – Алғыс айту күні, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекелерін жоғары деңгейде атап өту үшін өз ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шараларға ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, мәдениет пен өнерді насихаттау бағытында жаңашыл идеялар енгізу ұсынылды.
Кеңес отырысында айтылған мәселелер назарға алынып, аудан әкімінің қарауына ұсынылатын болады.

Айта кетейік, кеңес отырысы жыл бедерінде өткізілетін мәдени шаралар бойынша дәстүрлі түрде бас қосатын болады.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Арал ауданы әкімдігі

14 ақпан 2025 ж. 111 0