АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Алдаберген Жоланов есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін беріп, қоғамдық кеңесте қозғалған және шешімін тапқан мәселелер жөнінде хабарлама жасады. Мәселен, аудандық жедел жәрдем стансасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа 3 көлікпен толықтырылып, шұғыл медициналық қызмет көрсету мәселесі шешімін тапса, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қызылорда облысының сағаттық белдеуі уақытына сәйкес бір сағатқа кейінге шегерілді.
Қоғамдық кеңес отырысына қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері, аудандық құрылымдық дербес бөлім басшылары, аудандық және қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты.
Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының есептері негізінде өткен жылғы қызметтеріне оң баға беру туралы қарар қабылданды.