ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа байланысты болған жайттардың ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғын-үй мәселесіне байланысты үйлердің кезегінде тұрған азаматтардың реттілігін сақтау, білім бөлімімен атқарылған жұмыстарға оң баға бере отырып, одан әрі жалғастыру, түнгі мезгілдегі алькоголдік өнімдерді сату уақытын шектеу, тойханаларда өтетін тойлардың ұзақтығы, адам денсаулығына зияндығы туралы пікірлерін ортаға салды.
Кеңес жұмысын кеңес төрағасы А.Жоланов қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлерлер бойынша тиісті басшылық орындарға ұсынылатынын және орындалуы бақылауда болатынын білдірді.