Қызылорда: Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды

Осы ретте биылғы жылы еліміз бойынша Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды.
Мақсаты – мейрам туралы бұған дейін қалыптасқан түсінікті түбегейлі өзгерту емес, көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу.
Жаңа тұжырымдамаға сәйкес Қызылорда облысында 14 – 23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылады.
Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған.
Аймақ бойынша арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, әр күн белгілі бір тақырыпқа арналған.
Осылайша әр күнге жоспарланған ауқымды шаралар «Наурыз» мерекесін өнегелі бастамалар арқылы жалпыхалықтық мейрамға айналдыруда, халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтуға септігін тигізеді.
Наурыз мейрамына арналған барлық мәдени-көпшілік шаралар облыс көлемінде кеңінен ақпараттандырылатын болады.
Өткізілетін шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек әлеуметтік желідегі Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің төменде көрсетілген сілтемелері арқылы біле аласыздар!
1 Қызылорда қаласы https://www.facebook.com/politika.gor
2 Арал ауданы https://www.facebook.com/aralaudany
3 Қазалы ауданы https://www.facebook.com/kazaly.audany
4 Қармақшы ауданы https://www.facebook.com/qarmaqshy
5 Жалағаш ауданы https://www.facebook.com/zhalagashakimdik
6 Сырдария ауданы https://www.facebook.com/profile.php?id=100016587031775
7 Шиелі ауданы https://www.facebook.com/profile.php?id=100015614041457
8 Жаңақорған ауданы https://www.facebook.com/amin.aminkz
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: ашық дереккөз