АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУЫНДАҒЫ ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАР
Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соңғы жылдары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында өңір экономикасын әртараптандыру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және жастарға қолдау көрсету бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асуда. Президенттің Сыр өңіріне сапары барысында атқарылған жұмыстарға оң баға берілген.Ақпараттық кеңістікте Мемлекет басшысының Жолдауы, «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Жұмысшы мамандықтар жылы» сияқты бастамалар кеңінен насихатталуда. Өткен жылы Қызылорданың Қазақ АКСР астанасы болғанына және «қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толуына орай ауқымды шаралар өтті. Бұл тақырыпта 3 мыңға жуық материал жарияланып, деректі фильмдер түсірілді. Жастарды қолдау бағытында «Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасы іске асырылып, 2025 жылы 100 жас баспаналы болды. Сонымен қатар, жұмыспен қамту шаралары аясында 17 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылған. Білім саласында өңірде 333 мектепте 189 мыңнан астам оқушы білім алуда. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Қызылорда облысы республикада екінші жыл қатарынан үздік көрсеткішке қол жеткізді. Мәдениет саласында да жаңалық көп. Соңғы үш жылда 22 жаңа нысанның құрылысына тиісті қаржы бөлінген. Облыста 400-ден астам мәдениет және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Сыр өнерпаздары Еуропа елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық фестивальдерде жүлделі орындарға ие болды. Спорт саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. 2025 жылы өңір спортшылары республикалық жарыстарда 539 медаль, ал халықаралық жарыстарда 146 медаль жеңіп алды. Аймақта бұқаралық спортпен айналысатын тұрғындар саны 377 мың адамға жетті. Өңірде спорт инфрақұрылымы да дамып келеді. 2025 жылы 11 мың орындық Kaysar Arena стадионы пайдалануға берілді.












