"Anti-fraund" жедел-профилактикалық іс-шарасы
Арал теңізі ст.ЖПб-нің қызмет көрсету аймағында 2026 жылдың ақпан айының 1 мен сәуір айының 30 жұлдызы аралығында "Anti-fraund" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Іс-шараның басты мақсаты:Интернет желілеріндегі алаяқтық құқық бұзушылықтарды ақпараттық техникалық қылмыстарды анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған іс-шарасын жүргізу болып табылады.Оның ішінде интернет алаяқтық.Алаяқтықтың көбеюі – қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Интернет алаяқтық – интернет арқылы жасалатын заңсыз әрекеттер, олардың мақсаты – адамдардың жеке, қаржылық немесе басқа да маңызды ақпараттарын ұрлау, сондай-ақ қаржылық пайда табу. Бұл алаяқтықтың түрлері мен әдістері әртүрлі, олардың барлығы интернеттегі пайдаланушыларды алдап, зиян келтіруге бағытталған.Интернет алаяқтық қазіргі уақытта маңызды және өзекті мәселе болып табылады, себебі: көптеген қызметтер, соның ішінде банк операциялары, сауда, оқу және жұмыс интернет арқылы жүзеге асырылады. Бұл алаяқтарға үлкен мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың жеке мәліметтері интернетте жиі қолданылады, сондықтан да оларды алаяқтардың нысанасына айналдырады. Айта кетелік, алаяқтар жаңа зиянды бағдарламалар мен құралдарды үнемі жасап, жетілдіріп отырады. Бұл – олардың әрекеттерін тиімдірек етудің бір жолы. Алаяқтар пайдаланушыларды алдауды жеңілдету мақсатында шынайы сайттарға өте ұқсас жалған веб-сайттарды оңай жасай алады, әлеуметтік инженерия әдістерін пайдаланып, адамдардың эмоцияларын, сенімін және әдеттерін манипуляциялайды. Пайдаланушыларды алдап, жеке мәліметтерін алу үшін жалған электрондық хаттар, мәтіндік хабарламалар немесе телефон қоңырауларын пайдаланады. Бүгінде өзекті болып отырған интернет алаяқтықтың салдарынан адамдар мен компаниялар үлкен қаржылық шығынға ұшырағаны белгілі. Интернет-ресурстар мен қызметтерде қос факторлы аутентификацияны енгізу арқылы аккаунттардың қауіпсіздігін арттыру. Қолданушыларды күрделі құпия сөздер пайдалануға және оларды тұрақты түрде өзгертуге ынталандырып, банктер және басқа қаржы ұйымдарымен бірге жұмыс істеп, тұрғындарға интернет банкинг және онлайн транзакцияларда қауіпсіздік шараларын түсіндіру шаралары интернет алаяқтықпен күресу және аудан тұрғындарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуда маңызды рөл атқаратынын мәлімдеуде.
Интернет алаяқтықпен күресу үшін әрбір пайдаланушы сақтық танытып, интернет қауіпсіздігі туралы хабардар болуға және қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
Интернет алаяқтарға қолданылатын жазалар елдің заңдарына және алаяқтықтың сипатына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қазақстанда интернет алаяқтыққа қарсы қылмыстық заңнамалар бар және олар алаяқтарға қатаң жазалар қолдануды көздейді. Кибер алаяқтардың арбауына түскен болсаңыз бірден полицияға немесе басқа құқық қорғау органдарына хабарласып оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, арыз жазуыңызға толықтай құқылысыз! Мемлекетіміздің қылмыстық кодексінде интернет алаяқтық үшін бірнеше баптар қарастырылған.
Егер сіз интернет алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз!
Арал теңізі ст.ЖПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев










