Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 28, 29, 30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде жауын-шашын жауады?

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстіктің таулы жерлерінде кейбір күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнгі, таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түседі.

Күндізгі ауа температурасы:
батыста +18…+27 градусқа дейін,
солтүстікте +10…+17 градусқа дейін,
орталықта +15…+25 градусқа дейін,
шығыста +12…+20 градусқа дейін,
оңтүстікте +23…+30 градусқа дейін жылынады,
ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13…+20 градус шамасында болады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
27 наурыз 2026 ж. 117 0