Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Найзағай ойнап, жел күшейеді
Кейбір күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Ал елдің оңтүстігінде күндіз найзағай ойнайды.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Қалған өңірлерде жауын-шашын жаумайды.

Ауа температурасы
Батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +12…+17 градусқа дейін, Маңғыстау облысында +18…+23 градусқа дейін, солтүстікте, республиканың орталық бөлігінде +3…+8 градус шамасында, Ұлытауда +15…+20 градусқа дейін, шығыста +5…+15 градусқа дейін, оңтүстікте +20…+25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +15…+23 градусқа дейін көтеріледі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
21 наурыз 2026 ж. 59 0