Алда күн жылына ма?
Қазгидромет 17, 18, 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы одан әрі көтеріледі. Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы жерлерінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +10…+15 градусқа дейін, оңтүстікте +15…+20 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыста +3…+8°С шамасында болады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай 









