Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері тағы да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Алдағы күндері тағы да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Қазгидромет 15, 16, 17 cәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ та жаууы мүмкін. Түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қай өңірлерде жаңбыр жауады?
Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 15 сәуірде Ақмола облысында, 15 сәуірде түнде, 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 15 сәуірде түнде, 16 сәуірде Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы облыстарында және Жетісу облысында жауады. Республика бойынша тұман түседі.

Қай өңірлерде аяз болады?
15, 17 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан облысында, 15-16 сәуірде Атырау, Ақмола, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облысында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус аяз болады деп болжанып отыр.

Ауа температурасы қандай болады?
Батыста ауа температурасы 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін жоғарылайды;
Оңтүстік-батыста 15-25 градус жылы;
Солтүстік-батыста 8-16 градустан 12-20 градусқа дейін жоғарылайды, 17 сәуірде солтүстігінде 5-10 градусқа дейін төмендейді;
Солтүстікте 7-15 градустан 0-10 градусқа дейін төмендейді;
Орталықта 10-18 градустан 13-21 градусқа дейін жоғарылайды;
Шығыста 9-18 градустан 10-20 градусқа дейін жоғарылайды;
Оңтүстікте 15-23 градустан 17-25 градусқа дейін көтеріледі;
Оңтүстік-шығыста 17-23 градустан 13-20 градусқа дейін төмендейді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
14 сәуір 2025 ж. 51 0