Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, түнгі уақытта елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын жауады, жаңбырдың арты қарға ұласады.

"Оңтүстікте, 14-15 сәуірде елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болжанады. Тек Шығыс Қазақстан облысында, 13-14 сәуірде Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

Республика бойынша жел соғады, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі, күндіз батыс, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды. Дегенмен ауа температурасында тосын өзгерістер күтілмейді.

Фото: egemen.kz
12 сәуір 2024 ж. 297 0