Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Емдеу ұйымдарындағы дәрі-дәрмек қорына партиялық мониторинг жүргізілді

Емдеу ұйымдарындағы дәрі-дәрмек қорына партиялық мониторинг жүргізілді

Бүгін партияның аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы емдеу ұйымдарындағы жағдайды бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасындағы зерделеу барысында, дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшерде болуы және олардың жабдықталуы қаралды.

Өз кезегінде бақылау комиссиясының мүшелері халыққа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету партияның сайлауалды бағдарламасының басты мақсаттарының бірі екендігін айтты.

Сондай-ақ, медициналық мекемелердің жағдайын жақсартуға бағытталған бұл бағыттағы партиялық бақылау мен мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.
#АМАНАТ
27 наурыз 2026 ж. 78 0