Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕМДЕУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

ЕМДЕУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

«AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. арналған Сайлауалды бағдарламасында азаматтардың медициналық көмекке қол жетімділігін арттыру және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету басты мақсаттарының бірі саналады.Бүгін партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Мамбетов Жасұлан Серікұлы мен Сабырбай Ержан Әділжанұлы аудандық көпбейінді ауруханасында болып, ауруханаға қарасты тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі мен жабдықталуына партиялық мониторинг жасады.
Медициналық мекемелердің жағдайын жақсартуға бағытталған бұл бағыттағы партиялық бақылау мен мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

#AMANAT
17 маусым 2025 ж. 41 0