Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Емдеу ұйымдарына мониторинг жүргізілді

Емдеу ұйымдарына мониторинг жүргізілді

Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсәуле Сайлауқызы және комиссия мүшелері аудандық емдеу ұйымдарына арнайы мониторинг жүргізді.

Іс-шара барысында медициналық мекемелердің жұмысы, дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен олардың сапасы тексерілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы, медициналық кабинеттердің жабдықталуы мен емдеу үдерісінің ұйымдастырылуына да назар аударылды. Мониторинг нәтижесінде емдеу ұйымдарының жұмыс барысы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта да денсаулық сақтау саласындағы ахуалды тұрақты назарда ұстайтынын жеткізді.

#АМАНАТ 
26 қыркүйек 2025 ж. 251 0