Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚТЖ үш бағыттағы пойыз билеттеріне 25% жеңілдік енгізді

ҚТЖ үш бағыттағы пойыз билеттеріне 25% жеңілдік енгізді

1–30 сәуір аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Жеңілдіктер белгіленген кезеңде қолданылады және жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.

Жолаушыларға келесі бағыттарда жоғарғы орындарға 25% жеңілдік беріледі:

• № 105/106 «Петропавл – Алматы»

• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.

Қосымша ретінде № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша турист (2Д, купе) вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билеттерді алдын ала, пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45-тен 15 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады және турист (2Д, купе) санатындағы вагондарға төменгі және жоғарғы орындарға қолданылады.

Жеңілдікпен билеттер www.bilet.railways.kz ресми сайтында, сондай-ақ, теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында сатылады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

Фото: ҚТЖ
02 сәуір 2026 ж. 100 0