2026 жылғы наурызда Қытайдың валюта резервтері азайды
2026 жылдың наурыз айының соңындағы жағдай бойынша Қытайдың валюта резервтері 3,3421 трлн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Синьхуа.Бұл ақпан айының соңымен салыстырғанда 85,7 млрд долларға немесе 2,5%-ға аз.
Бұл туралы сейсенбі күні Қытайдың Мемлекеттік валюталық бақылау басқармасы жариялаған деректерде айтылды.
Ведомствоның мәліметінше, өткен айда АҚШ долларының индексі өскен, ал әлемдік қаржы активтерінің бағасы төмендеген.
Сондай-ақ наурыз айындағы валюта резервтерінің азаюы валюта бағамдарының ауытқуы мен активтер бағасының өзгеруіне байланысты болғаны атап өтілді.
Сонымен қатар есепті кезеңде Қытай экономикасы жалпы тұрақты дамып, сапалы өсім бағытында ілгерілеу байқалған.
Бұл елдің валюта резервтерін жалпы алғанда тұрақты деңгейде сақтауға ықпал ететіні айтылды.
kaz.inform.kz
Коллаж: Kazinform / Canva
https://kaz.inform.kz/news/2026-zhilgi-naurizda-kitaydin-valyuta-rezervter-azaydi-24c261/










