Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ұлттық қор активтері 58,2 млрд долларды құрады": Досаев курс бағамы туралы

"Ұлттық қор активтері 58,2 млрд долларды құрады": Досаев курс бағамы туралы

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жыл басынан бері теңге бағамының қалай қалыптасқаны туралы айтып берді

«2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты. Базалық мөлшерлеме 9,25-тен  9%-ке дейін төмендеді. Ұлттық валюта бағамы сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен қалыптасып, жыл басынан бері 0,2% артты», - деді Досаев 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында ақша-кредит саясатын жүзеге асыру және 2019 жылдың соңына дейін және 2020 жылға жоспарланған шаралар туралы. 
Ол елдің экспорттық өнімдеріне деген сұраныстың тұрақты болуына байланысты елдің төлем балансының жақсаруы жалғасатынын атап өтті.
«Бірінші тоқсанда ағымдағы операциялар есебі профицитпен қалыптасты, ол 0,4 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы алтын-валюта резервтері ұлттық банктегі клиенттердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың азаюы нәтижесінде жыл басынан бастап 28,2 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Ұлттық қордың активтері 58,2 млрд АҚШ долларын, жалпы халықаралық резервтер 86,4 млрд АҚШ долларын құрады», - деді ұлттық банк басшысы.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін халықтың шынайы табысының жыл басынан бері 5,5%-ке өскені туралы хабарлаған едік.
15 шілде 2019 ж. 725 0