Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізбек

Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізбек

Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізбек. Бұл туралы банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында мәлімдеді

Досаев екінші деңгейлі банктер үшін депозиттің жаңа түрі енгізілетінін айтты. Бұл шетел валютасын елде ұстау мақсатында жасалып отыр. 
«Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап банктердің ұлттық банктегі валюталық депозиттері енгізілетін болады. Аталған депозиттердің жылдық мөлшерлемесі 0,5 пайызға дейін болса, мерзімі бір айды құрайды», - дейді банк төрағасы.
Өз сөзінде Досаев кепілдік беру қоры ұсынатын қазақстандық депозиттердің ең жоғары мөлшерлемесі өзгергенін атап өтті. 
«1 шілдеден бастап азаматтардың мерзімді емес депозиттері бойынша мөлшерлемесін 10,5 пайыздан 9,8 пайызға дейін төмендету жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап банктердің міндеттемелерін ұзарту мақсатында, бір жыл және одан жоғары мерзіммен шетел валютасындағы жинақ пен мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме 2 пайызға дейін артты», - дейді ол.
http://stan.kz
11 маусым 2019 ж. 815 0