Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар қандай депозиттерді ұнатпайды

Қазақстандықтар қандай депозиттерді ұнатпайды

Қазақстандықтар ақшаны теңгемен депозиттерде сақтауды артық көреді. 2019 жылдың басында кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің бөлшек салымдарының портфелінде ұлттық валютадағы депозиттер 52,3%-ды, ал шетелдік валютадағы депозиттер 47,7%-ды құрады. Мұндай деректерді Ranking.kz ұсынды.
Сондай-ақ, отандастарымыз жинақтық депозитті тиімсіз деп санайды.
2019 жылдың басында салымдарға кепілдік беру жүйесіне исламдық «Al Hilal» және «Заман-Банк» банктерін қоспағанда, екінші деңгейдегі 26 банк кірді.
2018 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры халықтың жаңадан тартылған теңгедегі депозиттері бойынша шарттарды өзгертті. Енді елде мерзімді, мерзімді емес және жинақ депозиттері бар.
Ұлттық валютадағы барлық салымдардың 84%-дан астамы мерзімділік шарттарына сәйкес келмейтін депозиттерге тиесілі — шамамен 3,9 трлн теңге. Мерзімді шарттарға сәйкес келетін депозиттерге 62,8 млрд теңге (үлесі — 1,4%) келеді. Ал жинақ депозиттері тек 0,6% немесе 26,5 млрд теңге болды.
Тағы 14%-ды тұрғын үй құрылысы жинақтары мен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде мемлекет сыйақысының бір бөлігін субсидиялайтын депозиттер алады: 640,6 млрд.теңге.
Мерзімділік шарттарына сәйкес келмейтін ұлттық валютадағы салымдар бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын шекті мөлшерлемелер 10,5%-ды құрайды. Бұл мерзімді (12,5%) және жинақ (13,5%) салымдарына қарағанда едәуір аз.
Толықтыру құқығымен мерзімді салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер 11%-дан аспаса да, көлемі бойынша көш бастады — 53,4 млрд теңге (барлық мерзімді салымдардың 85,2%-ы). Бұл ретте мерзімді салымдар тек 9,3 млрд теңге болды, ол мөлшерлемеден әлдеқайда жоғары және 12,5%-ды құрайды.
Жинақ депозиттері көлемінің 82%-дан астамы толықтыру құқығынсыз салымдарға тиесілі — 21,8 млрд.теңге. Олар бойынша мөлшерлемелер 13,5%-ға дейін болуы мүмкін.
https://7kun.kz
03 маусым 2019 ж. 685 0