Мерекеге толы ай: мамырда Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?
Биыл мамырда Қазақстанда мерекелерге орай демалыс күндері көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Мамырдағы мерекелер:
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні (жұма);
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (бейсенбі);
9 мамыр - Жеңіс күні (сенбі, демалыс 11 мамырға ауыстырылады);
27 мамыр - Құрбан айт (сәрсенбі).
1 мамырға арналған демалыс
Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 1, 2, 3 мамыр - қатарынан үш күн демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 1 мамыр - демалыс; 2 мамыр - жұмыс күні; 3 мамыр - жексенбі.
7 және 9 мамырдағы демалыс күндері
Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 7 мамыр - демалыс; 8 мамыр - жұмыс күні; 9, 10, 11 мамыр - демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 7 мамыр - демалыс; 8 мамыр - жұмыс күні; 9, 10 мамыр - демалыс; 11 мамыр - жұмыс күні.
Құрбан айттағы демалыс
Бес күндік жұмыс аптасы үшін де, алты күндік жұмыс аптасы үшін де 27 мамыр - демалыс.
Фото: massaget.kz










