20 сәуірге арналған ауа райы болжамы
20 сәуірде Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды. Ел аумағында қатты жел, найзағай мен үсік жүреді деп күтілуде, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы аудандарында (Медеу және Бостандық аудандары) түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Сонымен қатар, облыстың солтүстігі мен тау бөктерінде түнде үсік жүруі мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында да түнде термометр бағаны -2 градусқа дейін төмендейді.
Елдің батысында ауа райы айтарлықтай құбылмалы болады. Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 20 м/с жетеді. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр күтілуде. Ал Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ақтау қаласында да күндіз шаңды дауыл көтеріледі.
Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең қалың тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласында күндіз желдің екпіні 20 м/с дейін артады. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады деп болжануда.
Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай










