Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 маусымға арналған ауа райы болжамы

2 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 2 маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігіне Солтүстік антициклоны әсер ете бастайды. Осының салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында циклонның әсерінен жаңбыр мен найзағай, бұршақ, дауыл сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік аудандарда түнде және таңертең – тұман, батыста, солтүстік-батыста топырақ бетінде үсік жүреді. 
Ақмола облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с. 
Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді. 
Күндіз Түркістан облысының батысы, таулы аудандарында дауыл тұрады. Желдің күші 23 м/с асады. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. 
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы, Қызылорда облысының солтүстігі, орталығы, күндіз Қарағанды облысының солтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 
Павлодар облысының оңтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с, түнде шығыста тұман түседі. 
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында - бұршақ, дауыл, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің күші 25 м/с асады.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, күндіз солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

baq.kz
02 маусым 2022 ж. 511 0