Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда неке ең көп тіркелетін қала анықталды

Қазақстанда неке ең көп тіркелетін қала анықталды

Қазақстанның қай қаласында неке ең көп тіркелетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Неке қию саны бойынша Алматы көш бастап тұр. 2026 жылдың басынан бері қалада 4 600 жаңа отбасы құрылған. Статистикаға сүйенсек, Алматыда күн сайын шамамен 70 жұп некеге тұрады. Орта есеппен әйелдер 29 жасында тұрмысқа шықса, ерлер 32 жасында үйленеді.

Жаңа Конституцияда мәжбүрлі некеден қорғауды бекіту ұсынылды
Жаңа Конституцияда мәжбүрлі некеден қорғауды бекіту ұсынылды
Оқыңыз
Биыл ең жасы үлкен күйеу жігіт – 92 жастағы зейнеткер. Ал ең жас жұп небәрі 16 жаста болған.

Алайда неке саны жоғары болғанымен, ажырасу көрсеткіші де аз емес. Жыл басынан бері қалада 934 жұптың некесі бұзылған. Орта есеппен ер адамдар 39 жасында, ал әйелдер 37 жасында ажырасуға шешім қабылдайды.
Фото: freepik.com
03 мамыр 2026 ж. 40 0