Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мамыр айында қалай демалады

Қазақстандықтар мамыр айында қалай демалады

7, 11 және 27 мамыр күні қазақстандықтар мерекеге орай демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеңіс күніне байланысты демалыс ауыстырылғандықтан, қазақстандықтарға 11 мамыр күні қосымша демалыс берілді.

Бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындарына:
4, 5, 6 мамыр – жұмыс күндері;
7 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
8 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
9 мамыр (сенбі) – мерекелік демалыс;
10 мамыр (жексенбі) – демалыс;
11 мамыр (дүйсенбі) – қосымша демалыс.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
7 мамыр – демалыс;
8 мамыр – жұмыс күні;
9 мамыр – мерекелік демалыс;
10 мамыр (жексенбі) – демалыс;
11 мамыр – жұмыс күні.

Құрбан айт мерекесі де сәрсенбі күнге түсіп тұр. Сондықтан 27 мамыр күні де ел тұрғындары жұмыс істемейді. Осылайша:

Бес күн жұмыс істейтіндер – 14 демалыс күні және 17 жұмыс күні;
Алты күн жұмыс істейтіндер – 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні.
Фото: stan.kz
04 мамыр 2026 ж. 39 0