Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адал еңбек биік белеске жетелейді

Адал еңбек биік белеске жетелейді

"Төрт жыл тындырымды жұмыс істеймін деген азаматқа аз уақыт емес екен. Оған куә – Қызылорда облысының даму көрсеткіші. Осыдан тура 4 жыл бұрын Нұрлыбек Машбекұлы аймақ басшысы болып тағайындалған кездегі Қызылорданың әлеуеті мен сәулетін бүгінгі деңгеймен салыстыру мүмкін емес".
Міне, дәл осылай төртжылдық еңбекті бағамдағанымыз бар еді. Ал күні кеше Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысы әкімі лауазымынан ауысып, Премьер министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Иә, облыс бюджеті соңғы төрт жылда 2,5 есе өсті. 360 млрд теңгеден, 900 млрд теңгеге жеткен бюджет өңірдің қаржылық әлеуетінің нығайып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүргізу жүйелі түрде жүзеге асқанының дәлелі.
Құрылыс алаңына айналған аймақта күн сайын жаңа нысандар бой көтерді. Құрылыс сапасын бақылауда ұстау ісінде талапшылдық бар екенін көрсетті.
Ауданда да жыл сайын жүзден аса аралдық отбасы қоныстой тойлауға мүмкін алса, көптеген мәдени, рухани, өзге де ел игілігіне қызмет ететін нысандар бой көтерді.
Кедергісіз білім алу мен ұлт саулығын сақтау, руханият пен мәдениетке көрсетілген жанашырлық тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыратын жұмыстар Аралда да көрініс тапты. Былтырғы жылдың өзінде аралдықтар көп жылдар бойы арман еткен жұқпалы аурулар бөлімшесі ғимараты, орталық аурухана жанындағы жапсаржай құрылысы, аудан тұрғындарынан бөлек көршілес аудандардың да мұқтаждығын қамтамасыз ететін Қамқорлық орталығы елдің денсаулығына қызмет етсе, Арал қаласы мен Сексеуіл кентінен және Мергенсай ауылынан Келешек мектептері, одан бөлек апатты жағдайдағы білім ордалары бой көтерді.
Шалғай ауылдарға ауызсу тартылып, Сексеуіл кенті мен Аққұм ауылдық округіне көгілдір отын қосылса, Сыр бойындағы елдімекендерге газ тарту жұмыстары жасалып жатыр. Қамыстыбастағы газ айдау станциясы осының дәлелі.
Ең маңыздысы – САРАТС жобасының екінші кезеңі. Бөгет биіктігі тағы 2 метрге биіктейді. Бұл жұмыс та Нұрлыбек Нәлібаевтың өлшеусіз еңбегі.
Ал Қызылорда-Ақтөбе аралығындағы төртжолақты жол құрылысы мен Сексеуіл-Бейнеу магистралы Арал жұртшылығының төбесін көкке жеткізді.
Бұл тек ауызға ілініп, ойымызға түскені ғана. Түсінгеніміз, басшы адал әрі әділ болса, нәтижесі күттірмей-ақ келеді екен.
Нұрлыбек Машбекұлының алдағы қызметіне сәттілік тілей отырып, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосады деп сенеміз.
06 мамыр 2026 ж. 61 0