Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Франклиннің 13 қағидасы

Франклиннің 13 қағидасы

АҚШ ағарту қозғалысының бастушысы, ғалым, өнеркәсіп маманы және тәуелсіздік төңкеріс басшыларының бірі, кезінде «АҚШ-тағы мінсіз адам», «Адамгершілік пен нысаптың пірі» аталған Бенджамин Франклиннің 13 қағидасын назарларыңызға ұсынамыз. 1) Тежемділік – тамақты тарта жеу, мас болғанша арақ ішпеу; 2) Ұстамдылық – өзіне және басқаларға пайдасыз сөз сөйлемеу; 3) Реттілік – әр нәрсені өз орынына қою, бар істі жоспармен істеу; 4) Кескіндік – істеуге тиісті жұмысты дереу әрі тыңғылықты тындыру; 5) Үнемшілдік – өзіне және басқаларға пайдалы, қажетті кез-келген затты үнемдеп істету; 6) Қажырлылық – уақытты бос өткізбеу, үнемі тиімді жұмыстар тындыру; 7) Шыншылдық – өтірік айтпау, ой-дүниені қашан да таза ұстау; 8) Турашылдық – құқығынан пайдаланып басқаларға кесір тигізбеу, басқаларға қайырымдылық жасаймын деп міндет пен жауапкершілікті қайырып қоймау; 9) Қастық – жалған, әділетсіз қастандыққа төзу. Мұндай жағдайға ешқашан ұшқарылықпен қарсы қимыл жасамау; 10) Тазалық – киімді, жатар орынды таза ұстау; 11) Сабаздық – ұсақ-түйек шаруаға жармаспау, сақтануға болмайтын жағдайларға бола уайым-қайғыға батпау; 12) Адалдық – сүйген жарға мәңгі адал болу; 13) Кішіпейілділік – менің зеректігім – кейбір істерді өзімнің де білмейтіндігімді мойындайтындығымда деп ойлау.
https://massaget.kz

13 мамыр 2019 ж. 509 0