Бүгін Қазақстанда Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні атап өтіледі
Бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде тойланады. Химия саласы ел экономикасында маңызды орын алып, ауыл шаруашылығы, медицина, энергетика және өнеркәсіп сияқты көптеген бағыттардың дамуына үлес қосады. Саланың әрбір жетістігінің артында мамандардың терең білімі, жоғары кәсібилігі және жауапты еңбегі жатыр.









