Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақтың баспалдағын бүгіннен бастаймыз

Болашақтың баспалдағын бүгіннен бастаймыз

Білім саласы қай уақыттан да терең зерделеніп, айқын мақсаттарға бағытталған жұмыс. Балаға өмірде білуі қажет басты сабақтарды үйретуі сондықтан. Бір қарағанда "тек мектеп қабырғасында ғана керек" деп санайтын білім мен тәжірибенің ертеңгі күні өзіміздің дауымызға ғана емес, бүтіндей бір мемлекеттің, қоғамның дамуына көмегі тиетінін байқай бермейміз. Мәселен химия пәнін алып қарайық.
Жалпы химия өнеркәсібі – ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. Химия өнеркәсібі саласы дүниежүзінде тұңғыш рет Германияда 19 ғасырдың айтыла бастады. 20 ғасырдың 50-70-жылдардың басы химия өнеркәсібінің дәуірлеген «алтын ғасыры» болды. Бұл кезеңде мұнай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланысты осы сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінде химияның үлесі 20 ғасырдың 2-ші жартысында 8-9%-дан 12-15%-ға дейін өсті. Қазіргі кезде химия өнеркәсібі әлемді негізгі 4 аймаққа бөліп тұр. Олар: АҚШ, Батыс Еуропа, ТМД елдері, Жапония. Мұнда кенішті химия, минералдық тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдерін, әсіресе, органикалық синтез өндіру, полимерлік материалдар шығару ерекше орын алады.
Осы тұста саланың артықшылығын, ең бір ұтымды тұсын айта кетпей болмас. Ол – қалдықсыз өнеркәсіп түріне жататындығында. Тұтыну өнімдерін жасау үшін кеңінен қолданылатын бағыт бүгінгі таңда өз ауқымын кеңейтіп, халық шаруашылығының басқа салаларынан бөлек мұнай өнеркәсібі мен құрылыс, тамақ, фармацевтика, тоқыма секілді көптеген өнеркәсіпті өрістеп алды. Тіпті химия өнеркәсібі өзі өндірісінің шамамен 25%-ын пайдаланады. Ал қалған химиялық өнімдер басқа саланың игілігіне жарап отыр.
Шынында да, қазіргі кезде кез-келген заманауи өндіріс химиялық өнімдердің тұтынушысы болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген өндірушілер жабдықтар өндірісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті, бұл басқа салалардың, мемлекеттік қадағалау мен тұтынушылардың үнемі өсіп отырған талаптарына байланысты. Мұның бәрі сөзсіз химиялық өндірістің өзіне әсер етеді. Химия өнеркәсібі қазіргі жағдайы біздің экономикамызда құрметті орын алады. Сондықтан сала алға жылжу үшін үнемі қаржыландыруды қажет етеді. Химиялық өндірістерді дамытудың ең сапалы және тиімді тәсілдерінің бірі – көрмелерге қатысу.
Бүгінгі таңда елімізде де химия саласына деген қолдау артып, басым күш жұмсалып келеді. Нақтырақ айтсақ, «Қазақстандағы химия» экспозициясы химиялық өндіріс саласындағы басты оқиғалардың бірі болып саналады. Көптеген жылдар бойы оны Expocentre Fairgrounds ұйымдастырды. Кешен өзінің өмір сүрген жарты ғасырында өз алаңдарында 6 мыңнан астам іс-шаралар өткізді және оларға арналған көптеген көрме стендтерін жасады.
Тағы бір тиімділігі – бірлікке бағыттау. Олай дейтініміз, жаһандық елдердің тәжірибесінен-ақ байқалады. Ауқымды дүниелер жасау бағытында алғашқы болып тың жаңалыққа қол жеткізу бәсекелестікті байқасақ, кейіннен өздері жасаған өнімді одан әрі арттыру үшін дамыған елдер өзара тәжірибе алмасуға да барып жатады. Бұл тек экономиканың қарышты дамуымен қатар озық елдермен бірге жұмыс жасауға мүмкіндік ашады.
Иә, біздің мақсат та осы. Келешек жаңа Қазақстанның жаңалықтарын әлем тұтынып, білімін төрткүл дүние мойындап жатса, бұл бірінші кезекте осы саланың әліппесін мектеп партасынан үйреткен ұстаздардың еңбегі емес пе?! Демек дарынды шәкірттен білікті маман қалыптастыру, оны еңбекке, тәжірибеге бағыттау біздің міндетіміз екенін жете түсініп келедім. Болашақтың баспалдағын қалауда қолтаңбамыз қалғанын қалаймыз. Мұнайға бай ел ретінде еліміздің өсіп-өніп, өркендеу жолында әлі де талай сатыларды бағындырумыз керек. Келешегі кемел ел үшін – химия саласы бірінші орында тұру қажет.

Гаухар САЙЛАУОВА
24 қыркүйек 2024 ж. 146 0