Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТЫНА САЙ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТЫНА САЙ


Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс сапарымен «Назарбаев Зиятткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарушысы Күләш Шамшидинова келді.  Күләш Ноғатайқызы мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, оқушылардың қазіргі уақытта айналысып жатқан тың жобаларымен танысты. Онан соң «1 мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі күні» меркесіне арналған концерттік шараға қатысып, мектептің алып отырған жаңа статусының оңай келмегендігін және оған ұжым болып бірлесіп, нәтижелі жұмыс көрсеткенде ғана лайық болатынын тілге тиек етті.
  2013 жылы негізі қаланған Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 5 жыл ішінде бірнеше түлектер ұшырып, білімнің сапалы, даңғыл жолын таңдағандарға зерделі ілім үйретуде аянбай қызмет етіп келеді. Заман талабына сәйкес қарқынды дамудың көші күн санап артып жатқан шақта, зияткерлік мектепте өз жұмысын әрі қарай жалғастырмақ. Ашылғалы бері білім берудің жаңа моделдерін ұстанып келген алтын ұя, бүгіннен бастап «СIS»-ке мүшелікке енді. Бұл, мектептің жан-жақты дамып, сапалы білім мен саналы тәрбиенің жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отырғанының нәтижесі.
Мектептің халықаралық білім жүйесінің стандарттарына сәйкес екендігін дәлелдейтін сертификатты «Назарбаев Зиятткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарушысы Күләш Шамшидинова тапсырды.                                                                                                              




04 мамыр 2018 ж. 1 365 0