Жедел профилактикалық іс-шара: Көліктегі қауіпсіздік
Көлік обьектерінде орын алатын жазатайым оқиғаларының деңгейін төмендету,жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әкімшілік саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жылжымалы құраммен азаматтарды басудың жолын кесу мақсатында,2026 жылдың маусым айының 8-12-ші күндер аралығында " Көліктегі қауіпсіздік" ЖПІШ басталды. Ол барлық жерде, соның ішінде жолаушылар көлігінде де қауіпсіз болуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, бірқатар заң бұзушылықтардан туындайтын фактілер қайтымсыз салдары бар оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты полицейлер: егер сіз қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың куәсі болсаңыз,полиция қызметкерлеріне хабарлауыңызды сұраймыз.
Арал теңізі ст.КПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев










