“Бақыттан басым айналып тұр“. Сәкен Майғазиев жұрттан сүйінші сұрады
"МузАрт" тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев жұрттан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Өнер иесі немерелі болғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады.
"Сүйінші-і-і, қазағым, немерелі болды-ы-ым. Сіздерге де жұғысты болсын! Бақыттан басым айналып тұр", - деді ол.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр тіледі.
"Бауы берік болсын", "Ұзағынан сүйіндірсін! Бізге де жұғысты болсын", " Артынан ұл-қыздар ере берсін!" - деді олар.
massaget.kz










