"Әже атанды": Ақбота Керімбекова немерелі болды

Өнер иесінің ұлы мен келініне дүркіретіп той жасап бергенін көрген жұрт бұл қуанышына да ортақтасып, ақ тілегін жаудырды. Кішкентай қызға жақсылық тілеп, әншіні әже болуымен құттықтады жұрт.
"Бауы берік болсын", "Сүйікті әпкем, қуанышыңызға ортақпын", "Қандай керемет жаңалық", "Дені сау қыз болып өссін", "Қуаныш құтты болсын", "Жас апа атандың", "Халқының қалаулы, елінің елеулі азаматша болсын", "Әже атанды", - деп тілек білдірді жұрт.