Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Электр энергиясының тарифі шілдеден бастап қайта қаралмақ

Электр энергиясының тарифі шілдеден бастап қайта қаралмақ

Kyzylorda-news.kz Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтерін өзгерту жоспарланып отыр. Энергетика министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап 60 энергия өндіруші ұйым үшін жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуді ұсынды.
Ведомствоның мәліметінше, тарифтерді қайта қарау елдегі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында жүзеге асырылады.
Құжатта 60 энергия өндіруші ұйым үшін шекті тарифтерді түзету қарастырылған. Министрлік бұл шешім жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін арттыру мен жаңарту бағдарламаларын іске асыруға қажет қаржылық жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.
Жаңартылған тарифтерді 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізу жоспарланған. Бұйрық жобасы 30 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Фото: freepik.com
16 маусым 2026 ж. 47 0