Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана туралы 20 қызықты дерек

Астана туралы 20 қызықты дерек

Бүгін елімізде Астана күні атап өтіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросы осы мерекеге орай елорда туралы 20 қызықты деректі ұсынады:

1. Халық саны – 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

2. Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам.

3. Қазақстан бойынша 26 адамның есімі – Астана.

4. 2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келді.

5. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 545 мың: оның ішінде 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

6. 2026 жылдың алғашқы 5 айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелді.

7. 2025 жылғы қартаю индексі – 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттардың саны).

8. Астана тұрғынының орташа жасы – 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

9. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас (2025 жылғы көрсеткіш).

10. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

10. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

11. Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,5 мың (Қазақстан бойынша 1-орын).

12. Елордада 576 мың пәтер бар (2025 жыл).

13. Қоғамдық тамақтану нысандарының саны – 6 819 (Қазақстан бойынша Алматыдан кейінгі 2-орын). Оның ішінде:

заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары – 2 241;
жеке кәсіпкерлік субъектілері – 4 578.
14. Қалада 31 театр жұмыс істейді.

15. 5 музей бар.

16. 35 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

17. Елордада 24 саябақ орналасқан.

18. Тұрақты интернет абоненттерінің саны – 443,4 мың (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

19. 2026 жылдың І тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналасты.

20. Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар.

Istockphoto
06 шілде 2026 ж. 21 0