“Қазгидромет” ауа райына байланысты ескерту жариялады
Kyzylorda-news.kz Синоптиктер 13 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. “Қазгидромет” елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік және солтүстік-батыс желі күндіз облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Сурет: freepik.com










