Тұрмыстық химиямен уланудың алдын алу
Химиялық улану — бұл токсиндер организмге тыныс алу жолдары, тері немесе ас қорыту жүйесі арқылы түсуі. Мұндай жағдай үйде, көшеде, жұмыста немесе төтенше жағдайларда болуы мүмкін.Тұрмыстық химиямен уланудың алдын алу үшін заттарды түпнұсқа қаптамасында, тағамнан бөлек, биік немесе құлыпталатын шкафта сақтаңыз. Қолданар алдында нұсқаулықты оқып, резеңке қолғап киіңіз, ал үйді тазалағаннан кейін бөлмені міндетті түрде желдетіңіз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты ережелер:
Сақтау ережелері:
Барлық химиялық заттарды (жуғыш заттар, ағартқыштар, инсектицидтер) балалардың қолы жетпейтін биік сөрелерде ұстаңыз.
Ешқашан химиялық сұйықтықтарды тамаққа немесе суға арналған бөтелкелерге (мысалы, лимонад ыдысына) құймаңыз. Бұл адамдардың, әсіресе балалардың шатасып қалуына әкеледі.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік:
Жуу немесе тазалау жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде арнайы қорғаныс қолғаптарын, көзілдірік пен бетперде (маска) киіңіз.
Химиялық заттарды ешқашан бір-бірімен (әсіресе хлор мен аммиак қосындыларын) араластырмаңыз. Олардан улы булар бөлініп, тыныс алу жолдарын күйдіруі мүмкін.
Гигиена:
Химиялық препараттармен жұмыс жасап болған соң, бетіңіз бен қолыңызды сабындап жылы сумен жақсылап жуыңыз.
Заттарды пайдалану барысында тамақ ішуге немесе сусын ішуге болмайды
Қауіпті заттармен немесе дәрі-дәрмектермен жұмыс жасамас бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығу және барлық ұсынымдарды мұқият орындау қажет!
Есіңізде болсын: алдын алу-емдеуден жеңіл!
А. Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Фото: Нұрболат Нұржаубай










