Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Kyzylorda-news.kz 20 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде күн 45 градусқа дейін ысиды, деп хабарлады Қазгидромет.
«Солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республикамыздың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, найзағайлы жаңбыр, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болады. Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болжанып отыр.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында 35-38 градус қатты ыстық, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық, Түркістан облысында 40-44 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысында 43-45 градус өте қатты ыстық, Алматы және Жетісу облыстарында 40-45 градус өте қаты ыстық, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі болжанған.
Сурет: pixabay
20 шілде 2026 ж. 49 0