Тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады
Қызылорда облысының полицейлері тұрғындарды интернет-алаяқтардың арбауына түспеуге шақырып, алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Осы мақсатта Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат беріп, арнайы жадынамалар таратты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық әрекеттердің алдын алу және тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақыру.
Бүгінде интернет-алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді пайдаланып, азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге әрекет жасауда. Қылмыскерлер әлеуметтік желілерге жалған хабарландырулар орналастырып, интернет арқылы сауда жасау мен қызмет көрсету сылтауымен алдап соғуда. Сондай-ақ жоғары табыс әкелуге уәде беретін жалған инвестициялық жобалар мен мессенджерлер арқылы жіберілетін күмәнді сілтемелер де кеңінен қолданылуда.
Полицейлер азаматтарға жеке деректерін, банк карталарының реквизиттерін, SMS-кодтарын бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және қаржылық операциялар жасау кезінде мұқият болуға кеңес береді.
Сақтық – интернет-алаяқтардың құрбаны болмаудың басты кепіл.
syrboyi.kz










