Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр дауыс – елдің ертеңіне қосылған үлес

Әр дауыс – елдің ертеңіне қосылған үлес

Алдағы Құрылтай сайлауына бейжай қарау – өз болашағына бейжай қараумен тең. Өйткені бұл науқанның маңызы ерекше. Кейбір сайлаушы: «Менің бір дауысымнан не өзгереді?» деген пікір де естіліп жатады. Алайда, тарих дәлелдеген бір ақиқат бар. Үлкен өзгерістер миллиондаған адамның жекелеген таңдауынан басталады. Әр бюллетень – азаматтың мемлекетке айтқан өз сөзі. Әр дауыс – елдің ертеңіне қосылған үлес. Қазақ «Көп тілеуі – көл» дейді. Сол себепті мемлекеттің болашағы да дәл солай қалыптасады. Әр азамат өзінің азаматтық борышын орындап, сайлау учаскесіне барып дауыс бергенде ғана қоғамның ортақ таңдауы әділ болады.
29 шілде 2026 ж. 47 0