Ортақ мақсат жолында дауыс берейік
Құрылтай – халқымыздың ежелден келе жатқан ақылдасу, кеңесу, елдік мәселелерді бірлесіп талқылау дәстүрінің жалғасы. Бұл – өткенге тағзым етіп, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін ортаға салып, келешекке нық қадам жасауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Осындай тағылымды жиында елдің дамуы, қоғамның өзекті мәселелері, жастардың болашағы, ұлттық құндылықтарды сақтау, білім, мәдениет, тәрбие және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы өзекті тақырыптар талқыланады. Әрбір айтылған ұсыныс пен көтерілген мәселе ел игілігіне қызмет етуі – бәріміздің ортақ тілегіміз.
Бірлігі бекем елдің болашағы да баянды болады. Сондықтан мұндай маңызды басқосулар әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, ортақ мүдде жолында жұмыла әрекет етуге дайын екенін көрсетеді.
Баршаңызды 23 тамыз күні өтетін Құрылтайға белсенді қатысуға шақырамыз! Келіңіздер, елдің ертеңі үшін пікірімізді ортаға салып, бірлігімізді бекемдеп, ортақ мақсат жолында бірге еңбек етейік.
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!










