Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Таңдау жасау – баршаға ортақ іс

Таңдау жасау – баршаға ортақ іс

Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы зор науқан. Бұл үдеріс арқылы қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген, халықтың мұң-мұқтажын жақсы білетін азаматтарға сенім білдіріледі. Құрылтай депутаттары ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларын ортақ талқылауға шығарып, маңызды шешімдердің қабылдануына өз үлесін қосады. Сондықтан мұндай жауапты міндетке лайық азаматтарды таңдау – баршаға ортақ іс.
Сайлаудың ашық әрі әділ өтуі қоғамдағы өзара сенімді арттырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашады. Халықтың сеніміне ие болған депутаттардың ел игілігі үшін еңбек етіп, өңірлердің дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеретініне сенім мол. Құрылтай депутаттарын сайлау – қоғамның бірлігі мен тұрақты дамуына қызмет ететін маңызды саяси қадам деп есептеймін.
---
30 шілде 2026 ж. 34 0