Толқын » Қоғам » Әрбір сайлаушының белсенділігі маңызды
Әрбір сайлаушының белсенділігі маңызды
Сайлау әр уақытта азаматтарымыздың Ата Заңымызда көрсетілген бірден-бір таңдау құқығы. Олардың өз еркін білдіріп қана қоймай, мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі тетігі ретінде рөлі ерекше. Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы да еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи оқиға. Бұл сайлау арқылы халқымыз өз таңдауларын жасап, елдің қоғамдық даму үдерісіне үлестерін қосады. Сондықтан әрбір сайлаушының белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ерекше маңызды.