Ерімбетжағалықтар өз таңдауларын жасауда

Сайлау учаскесіне келген ең алғаш дауыс беруші ауыл тұрғыны Марата Тұрсынов болды. Ал ауыл тұрғыны Кеуілімжай ақсақалдың бұл сайлаудан күтер үміті зор. Өйткені әділ таңдау жасалған жерде елге жанашыр азаматтар ел сеніміне ие болады. Сондықтан қай сайлау науқанында болсын тұрғындар белсенді. Батыр ана Нәзен Сексенбаева да сайлаушылар қатарынан табылды. Бұл сайлау науқанында 100-інші дауыс беруші Сағындық Жаңабаев.