Болашаққа бастар жол – белсенді азаматтық ұстаным
Қоғамның дамуы әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Сол белсенділіктің ең маңызды көріністерінің бірі – сайлауға қатысу. 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – өз ұстанымымызды білдіріп, елдің қоғамдық өміріне атсалысуға берілген мүмкіндік.Әлемдегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, халықтың сайлауға жоғары қатысуы қоғамның бірлігі мен азаматтардың жауапкершілігін айқындайды. Сондықтан әрбір азаматтың сайлау күні дауыс беруі – елдің болашағына деген жанашырлықтың белгісі.
Біздің әрқайсымыздың таңдауымыз маңызды. Бір ғана дауыс аз болып көрінуі мүмкін, алайда мыңдаған, миллиондаған азаматтың таңдауы үлкен өзгерістердің негізіне айналады. Сондықтан ешкім шет қалмауы тиіс.
23 тамыз күні уақыт тауып, сайлау учаскесіне барып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Жақындарыңызды, көршілеріңізді және достарыңызды да дауыс беруге шақырыңыз. Белсенді азаматтық ұстаным – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі.
Біз бірге болғанда ғана қоғамымыз нығайып, ортақ мақсаттарға сеніммен қадам басамыз. Ендеше, 23 тамызда сайлауға қатысып, өз дауысыңызды беріңіз!










