Қазақстандағы халық саны қанша?
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Қазақстан халқының саны - 20 590 589 адам. 2026 жылдың басынан бері халық саны 90 767 адамға өскен.
Алматы қаласында халық саны 2 миллионнан асып, 2 373 772-ге (өсім - 25 669 адам) жетті. Түркістан облысында 2 145 680 адам (жыл басынан бері облыс халқы 3 525 адамға азайған) тіркелген.
1 миллионнан аса адам мына өңірлерде тұрады:
Астанада - 1 682 721 адам;
Алматы облысында - 1 612 393 адам;
Шымкентте - 1 310 681 адам;
Жамбыл облысында - 1 212 698 адам;
Қарағанды облысында - 1 130 377 адам.
Халқы ең аз өңірлер:
Ұлытау облысы - 218 015 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы - 511 982 адам;
Абай облысы - 592 895 адам.
1 шілдедегі жағдай бойынша қалаларда 13 190 585 адам (өсім - 105 475 адам), ауылдарда 7 400 004 адам (14 708 адамға азайған) тұрады.
Фото: massaget.kz










