Балалық шағымның кумирі: Рахат Тұрлыханов қазір немен айналысып жүр?

Өнер жолын тастап, Лондонда магистратураға түскен Рахат Тұрлыханов бұл ісіне өкінбейтінін жасырмады. Шетелде елшілікте жұмыс істеп, жол ереже бұзғаны үшін ақша төлеген ол Алматыға қайтып келген.
"Шетелден Алматыға қайтқанда бизнеспен айналысамын деген шешімге келдім. Өйткені мемлекеттік қызмет көп жауапкершілікті талап етеді. Маған ондай жұмыс жараспайды", - дейді Рахат Тұрлыханов.