Дауыс беру маңывзды
Құрылтай сайлауы – қоғамның ортақ мүддесін айқындауға және елдің дамуына бағытталған бастамаларды қолдайтын маңызды саяси үдеріс. 23 тамызда өтетін сайлау азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласып, елдің ертеңіне қатысты өз көзқарасын білдіруіне мүмкіндік береді.Құрылтай – халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтатын, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін маңызды қоғамдық институт. Оның тиімді қызметі азаматтардың қолдауы мен белсенді қатысуына негізделеді. Сондықтан әрбір тұрғынның сайлауға қатысуы қоғамдық жауапкершіліктің және ел тағдырына деген жанашырлықтың нақты көрінісі болып табылады.










