23 тамыз – ел болашағын айқындайтын таңдау
Жаңа Конституция негізінде алғаш рет бір палаталы Құрылтайдың құрамы жасақталады. Бұл өзгеріс заң шығару жүйесін жаңғыртып, қоғамның сұранысына жедел жауап беретін тиімді мемлекеттік институт қалыптастыруға бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, жаңа Құрылтайдың басты құндылығы – ашықтық, жауапкершілік және халық үнінің заңнамалық шешімдерде нақты көрініс табуы.Сайлауға қатысу – тек дауыс беру ғана емес, елдің ертеңіне деген жауапкершілікті сезіну. Әрбір дауыс – әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыруға қосылған үлес.
Сондықтан 23 тамызда белсенділік танытып, азаматтық парызымызды орындау – ортақ болашағымыз үшін маңызды қадам.










